1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ – 2026

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ – 2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2026 жылғы 10 маусым – 31 тамыз аралығы

ӨТІНІШ БЕРУ ТӘСІЛІ

💻 Өтініштер «Электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады:

egov.kz

ҚР АЗАМАТТАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫН БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР:

  1. Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
  2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. Денсаулық жағдайы туралы анықтамалар:
    • Денсаулық паспорты (№026/у-3);
    • Вакцинация картасы (№065/у);
  4. ПМПК қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін);
  5. 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет.

📢 Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз.