"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы

"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы

   28.04.2026 жылы Сауыр жалпы орта білім беретін мектебінің базасында Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының аудандық бірінші кезеңі өткізілді.

Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген 6  (Айнабулақ орта мектебі, Жарсу орта мектебі, Ю. Гагарин атындағы орта мектебі, М. Әуезов атындағы орта мектебі, Сарытерек орта мектебі, Шілікті орта мектебі) мектептің ұсынған материалдары сараптамадан өткізілді. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына үміткерлердің құжаттарын қарау мақсатында білім беру қызметкерлерінен құралған конкурстық комиссия жұмыс істеді. Сонымен қатар, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету үшін ауданның зейнеткер педагогтері қатарынан тәуелсіз бақылаушылар тартылды.

             Қатысушы мектептердің жұмыстары қорытындыланып, сараптама нәтижесі бойынша І орын иеленген Сарытерек орта мектебі конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылды.