
17.02.2026 ж. күні оқушылардың бағдарламалау және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі М.Дауленов атындағы мектеп-интернатында өткізілді. Чемпионатқа 15 команда, 85 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.
Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жасерекшелік бойынша:
3D модельдеу – Талғатбеков Арсен, Бейсенбаев Алинұр «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
Бағдарламалау – Әденбек Жантөре, Сержан Ерен «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
14+ жасерекшелік бойынша:
3D модельдеу – Аленов Алишер, Айдарұлы Досым, «М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
Бағдарламалау – Дауренұлы Мирас, Бекшойнов Диас «М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» КММ.
Чемпионаттың облыстық кезеңіне қатысушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!