
Бүгін, 29 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала кезектілік тәртібімен жазылған азаматтар қатысты.
Кездесу барысында өңір тұрғындары денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй алу, азаматтық рәсімдеу, сондай-ақ еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелерін жеткізді.
Облыс әкімі әрбір өтініш иесінің мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы орган басшыларына тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі