28.04
Астана
Қырғыз Республикасы биыл суару маусымында Қазақстанға 600 млн текше метрден астам су жібереді. Бүгінде суару маусымы басталған сәуір айының өзінде 45 млн текше метр су жіберілді.
29.04
Алматы
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді. Алматыда «Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу» тақырыбында өткен екі күндік семинарда Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы құжатты дайындауға арналған Жол картасын таныстырды.
30.04
ҚХР, АҚШ
Қазақстандық су саласының 30 маманы ҚХР-да екі аптаға созылған біліктілік арттыру курсын аяқтады. Сонымен қатар АҚШ-та бір айлық оқудан өткен мамандар тобы да елге оралды.
02.05
Астана
Суару маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр. Бұл жұмыстар Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде.
02.05
БҚО
Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдеріне тасқын су жіберілді. Атап айтқанда, тасқын су Қамыс-Самар, Жалтыркөл, Соркөл, Орысқопа, Еділсор, Қоғалы, Итбатыр, Бірқазан, Қисыққамыс, Атпут, Тасоңғар, Сағырбай, Жаңаталап, Өтеген, Едіге, Айдын, Сары Айдын, Қаңбақты, Қазыбай-1, Қазыбай-2, Көктерек көлдері мен Мұқыр, Қоңырсай, Құйрықсай өзендеріне жіберілді.