Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. 28 сәуір күнгі жағдай келесідей:

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.


Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 1110 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 1030 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 3130 текше метр су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1040,8 текше метр, Петропавл су қоймасынан 3219,4 текше метр су жіберілуде.