«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Қызылорда филиалына қарасты «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің мамандары аудан мектептерінің 11-сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шара барысында су шаруашылығы саласының маңызы мен мүмкіндіктері жайлы жан-жақты ақпарат беріліп, оқушыларға болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар ұсынылды.