Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та оқып жатыр

Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та оқып жатыр

Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ-та тағылымдамадан өтіп жатыр.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің және Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары АҚШ-та білім алуда.

Оқу The International Visitor Leadership Program аясында өткізіліп, 22 сәуірде аяқталады. Курс тақырыбы – АҚШ-тағы су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру.

«Оқу барысында АҚШ-тың су ресурстарын басқару саласындағы үздік тәжірибелерін зерттеуге, сондай-ақ халықаралық байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуға баса назар аударылады. Бағдарлама қатысушылары АҚШ-тың негізгі су инфрақұрылымы нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысады»,– деді ҚР СРИМ Жерасты сулары департаментінің директоры Жайық Ерікұлы.