«Филиал нысандарында су басу қаупі жоқ»,– Павлодар облысының «Қазсушар» филиалының директоры өңірдегі су тасқыны кезеңінің барысы туралы

«Филиал нысандарында су басу қаупі жоқ»,– Павлодар облысының «Қазсушар» филиалының директоры өңірдегі су тасқыны кезеңінің барысы туралы

Павлодар облысының «Қазсушар» филиалының нысандарында су басу қаупі жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Арман Оспанов мәлімдеді.

Былтыр күзде тасқын судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін филиал Ертіс бассейндік инспекциясы және ТЖД-мен бірлесіп, өз иеліктеріндегі гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді.

Бұдан бөлек, Шідерті магистральдық каналында бөгет салу және нығайту, Шідерті су құбыры трактісінде түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Май ауданы Қаратерек ауылында реконструкциядан өткен 4500 га суару жүйесін қолданысқа беру жұмысы аяқталуға жақын.

«1 наурыздан бері филиалдың гидротехникалық құрылыстарында тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. 6 бірлік арнайы техника, сұйық отын және инертті материалдар дайындалды. Филиалдың қарамағындағы нысандарда елді мекендерді су басу қаупі жоқ», – деді Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Арман Оспанов.