Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр. Бүгінгі таңда жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймаларынан секундына 11,7 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларынан секундына 1 текше метр су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 28%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші болып табылатын Өскемен су қоймасынан секундына 1068 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 625 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров, Бітік, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 37,8 текше метр су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ, Самарқанд және Шерубай-Нұра су қоймаларынан секундына 48,8 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан секундына 20 текше метр су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев және Петропавл су қоймаларынан секундына 30,7 текше метр су жіберілуде.