Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында Шар су қоймасын реконструкциялау және беріктігін арттыру жұмысын жүргізді

Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында Шар су қоймасын реконструкциялау және беріктігін арттыру жұмысын жүргізді

Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында Шар су қоймасын реконструкциялау және беріктігін арттыру жұмысын жүргізді. Атап айтқанда, ауданы 2000 шаршы метр жерге екі қабатты геомембрана және 750 шаршы метр темірбетонды монолитті тақта төселді. Төселген бетонның жалпы көлемі - 238,5 текше метр.

Филиал 2024 жылдың қазан айында Шар су қоймасының басқару мұнарасының қабырғаларын инъекциялауды (гидрооқшаулау) бастады. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар толық көлемде аяқталды.

Орындалған жұмыстардың сапасын сынап тексеру үшін су тасқыны кезеңінде қоймаға 40 млн текше метрге дейін (50%) су толтыру жоспарланып отыр.