«Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында Ассы өзеніндегі мұздың қалың қабаттарын арнайы техникамен тазартты. Бұл іс-шара өзен арнасын кеңейту және оның су өткізу қуатын арттыру үшін жасалады. Бұдан бөлек, Қорам магистралды каналында нығайту жұмыстары жүргізілді.