Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарға шолу

05.02.
ӨЗБЕКСТАН
1 қазанға дейін Өзбекстан Қазақстанға 16 млрд текше метр су жібереді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд-қа көп. Нұржан Нұржігітов Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен осы жөнінде келісімге келді.

04.02.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарын аралады. Түркістан облысының тұрғындары министрге ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, суармалы суды бөлу және шаруаларға субсидия беру жөнінде сұрақтарын қойды.

04.02.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Қаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді. Бұл бастапқы болжамнан 100 млн текше метрге артық.

04.02.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Су ресурстары министрлігі Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады.

07.02.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық аясында Жамбыл облысында жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 76 канал мен жұмыс істеп тұрған 1 су қоймасы жөнделеді.

03.02.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы 4 жылда Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Канал Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

07.02.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманын қайта даярлау үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, министрлік қытайлық Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді.

03.02.
АСТАНА
Былтыр қазақстандық шаруалар 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді. Атап айтқанда, 56 мың гектар егіс алқабына табиғи жауын–шашынды имитациялайтын жаңбырлатып суару жүйелері, 44 мың гектарға суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суару жүйелері енгізілді.