Осыған орай Астанада 10-15 ақпан аралығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді. Министрлік су шаруашылығы саласында еңбек еткісі келетін жастарға су мамандықтары, білім беру бағдарламалары, кәсіби даярлық курстары жайлы толық ақпарат береді.
Бұл жайлы «Іскерлік үзіліс» айдарында Ғылым және инновация департаменті Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлы айтып берді.