тасқыны кезеңін өткізу бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда жұмыс тобының құрамы, ережесі және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Қырғызстанмен жүргізілген келіссөздер барысында біздің тарап Талас өзені арқылы су беру көлемін ұлғайту туралы келісімге келді. Бұл Киров су қоймасынан су жіберуді реттеу және су тасқыны кезеңінде апаттың алдын алу мақсатында жасалады.