Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Бүгінде қойманың сыйымдылығы 245 млн текше метрге жетті. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бұдан бөлек, суару каналдары қалпына келтірілді. Бұл жұмыстардың нәтижесі қандай? Күрделі жөндеу шаруаларға суармалы сумен қамту және мал суаруға су беру сапасын жақсартады. Атырау облысында 41 жылда алғаш рет ұзындығы 74 шақырым болатын «Ақсай» каналы жөнделді. Астана су қоймасын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ал, Шығыс Қазақстан облысында Қандысу өзеніндегі су қоймасын қайта жаңғыртуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.