
06.01.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды. Бүгінгі таңда еліміздегі су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындалып жатыр.
08.01.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр. Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.
07.01.
Астана
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде келісімге келді. Осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінің бассейнінде автоматтандырылған суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 учаскені анықтаған болатын. Олардың 5-і еліміздің аумағында, тағы 5 учаске Өзбекстан аумағында.
10.01.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі мажарлық ылғал сақтайтын препаратты сынақтан өткізу нәтижесін жариялады. Ғалымдар препаратты қолдана отырып күріш алаңында 37%-ға дейін су үнемдеуге болатынын мәлімдеді. Қант қызылшасы алаңында 23,9%, жүгеріде 28,7%-ға дейін су үнемделген.
09.01.
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тізімге Шығыс Қазақстан облысы Оба өзеніндегі су электр станциялары каскадын қосу жоспарланып отыр.