
24.12.
АСТАНА
Келесі жылы «Қазсушар» мекемесінің 105 маманы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қытайлық Power China компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесу барысында тиісті келісімге қол жеткізді.
23.12.
БҚО
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар. Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.
27.12.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді. Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады.
23.12.
Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты - 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы.
МАҢЫЗДЫ: Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді.
23.12.
Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млрд текше метрге артық. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түсті.
23.12.
Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.