
Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жартас су қоймасының бетон және жер бөгетінің жоғарғы беткейін ұлғайту және нығайту жұмыстарын аяқтады. Сондай-ақ, су қоймасын тұнба мен өсімдіктерден тазартты. Бұл іс-шаралар нысанның қауіпсіздігін арттырып, тасқын суынан қорғауды қамтамасыз етеді.