
Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан келісімге қол қою рәсіміне бірінші вице-министр Болат Бекнияз қатысты. Құжаттың негізгі мақсаты - Балқаш көлін сақтау бағытында ынтымақтастықты дамыту.
Негізгі бастамалардың бірі - Қазақстанның экожүйені сақтауға бағытталған Freshwater Challenge жаһандық бағдарламасына қосылуы. Аталған бағдарлама аясындағы алғашқы жоба Наурызым қорығындағы Ақсуат көлдер жүйесін қалпына келтіруді көздейді.