
02.12.
Жамбыл облысы
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысында іске асырылып жатқан бірнеше ірі жобаны көрді. Қайнар ауылында Қордай ауданының 3800 гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясы салынып жатыр. Тасөткел су қоймасында министр нысанды реконструкциялау нәтижесімен танысты. Бүгінгі таңда ұңғымаларды тазарту, каналдарды жөндеу, дабыл және бейнебақылау жүйелерін орнату, бетон жұмыстары аяқталды.
02.12.
Түркістан облысы
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы мен Түркістан облысының Созақ ауданының тұрғындарымен кездесіп, Шу өзенінің суын бөлу мәселесін талқылады. Шу-Талас бассейндік инспекциясының өкілдері Тасөткел су қоймасынан су жіберіле бастағанын мәлімдеді. Бұл су Созақ ауданына ақпан айында толық көлемде жетеді деп күтілуде.
04.12.
Сауд Арабиясы
One Water Summit аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық Қайта Құру және Даму банкімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум су ресурстарын, су тасқыны мен құрғақшылық қаупін басқару, суарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ су ресурстарын есепке алу мен мониторингін цифрландыру бойынша тәжірибе мен озық әдіс-тәсілдерді алмасуды көздейді.
04.12.
Сауд Арабиясы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Франция даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен бюросы (BRGM) ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды. Келісім Балқаш көлінің су ресурстарын басқаруды дамытуға 1,35 млн еуро көлемінде грант бөлуді көздейді.
04.12.
Сауд Арабиясы
Қазақстан экожүйені сақтауға бағытталған Freshwater Challenge жаһандық бағдарламасына қосылады. Аталған бағдарлама аясында Наурызым қорығындағы Ақсуат көлдер жүйесін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, еліміз БҰҰ-ның су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттамасын ратификациялауға ниетті.
03.12.
Астана
Нидерландының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс Су ресурстары және ирригация министрлігінің су тасқыны салдарын жою іс-шараларына қатысты пікір білдірді. Елші су тасқынын болжау және су тасқынының алдын алу мәселесінде екі мемлекеттің ынтымақтастығына жеке тоқталды.
Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білім беру институты (IHE Delft) арасындағы меморандум аясында нидерландылық сарапшылар Астанада су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша екі мәрте семинар өткізген болатын.
03.12.
БҚО
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Шаған, Шолақанқата, Сұлусай және Ембулатовка су қоймаларын қысқы жұмыс режиміне көшірді. Су тасқынын қауіпсіз өткізу және бос сыйымдылықты қамтамасыз ету үшін аталған су қоймаларынан су жіберілді.
04.12.
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 3 су қоймасы мен 11 су торабында жөндеу жұмыстарын аяқтады. Су тасқыны кезеңінде нысандардың қауіпсіздігін жақсарту үшін жабдықтарды жаңарту және конструкцияларды нығайту іс-шаралары жүргізілді.
05.12.
Қарағанды облысы
Қазсушар мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 17 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1900 гектарға көп.
МАҢЫЗДЫ: Биыл филиал 37 шаруа қожалығымен суармалы су беру туралы келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда шаруашылықтардың басым бөлігі заманауи су үнемдейтін жаңбырлатып суару қондырғыларын пайдаланады.