Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалы 17 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті

Қарағанды облысының «Қазсушар» филиалы 17 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті

Қазсушар мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 17 мың гектардан астам егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1900 гектарға көп. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Оңдасын Жиенқұлов мәлімдеді.

Биыл филиал 37 шаруа қожалығымен суармалы су беру туралы келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда шаруашылықтардың басым бөлігі заманауи су үнемдейтін жаңбырлатып суару қондырғыларын пайдаланады.

Сондай-ақ, филиал 8 бөгетте көп факторлы зерттеу жүргізу және қауіпсіздік декларациясын әзірлеу бойынша жұмысты бастады. Келесі жылы тағы 6 бөгетті зерттеу жоспарланып отыр. Тұзды су қоймасының су өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында жағалауды және су асты өсімдіктерінен тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Облыста вегетациялық кезең сәтті өтті, өңірде су тапшылығы болған жоқ. Шаруа қожалықтары деректерді сақтай алатын және бөлісу мүмкіндігі бар суды есепке алу құралдарымен жабдықталған. Шағын егістігі бар кейбір шаруашылықтар тамшылатып суару жүйелерін енгізуде. Бұл жерүсті суарудың барлық әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді»,- деді Қазсушар мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалының директоры Оңдасын Жиенқұлов.