Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Рауан Хусаинов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтып берді

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Рауан Хусаинов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтып берді

Суару кезеңі аяқталғаннан кейін Шаған су қоймасы мен Шолақанқата, Сұлусай және Ембулатовка су қоймалары қысқы жұмыс режиміне көшті. Су тасқынын қауіпсіз өткізу және бос сыйымдылықты қамтамасыз ету үшін аталған су қоймаларынан су жіберілді.

Сондай-ақ, филиал 73,6 шақырым каналды механикалық тазалау және 8 гидротехникалық құрылысты жөндеуді аяқтады, 6 гидротехникалық нысан қалпына келтірілді. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

«Барлық су шаруашылығы нысандарында көзбен шолып тексеріс жүргізілді. Олар бойынша күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспорттары жасалды»,- деді БҚО бойынша «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Рауан Хусаинов.