Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Торлан су қоймасынан су жіберетін қашыртқыны қалпына келтірді. Нысан үй ауласындағы бау-бақшаларды сумен қамтамасыз етуге арналған. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 1.9 млн текше метр. Сондай-ақ, су қоймасынан Шолаққорған ауылына дейінгі жалпы ұзындығы 21 шақырым жерасты құбыры салынды. Қалпына келтіру тасқын суды қауіпсіз аймаққа бағыттауға мүмкіндік береді.