Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, Кеңбидай гидроторабындағы қақпаларды жөндеу және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен бірге, Подлесный және Қоянды су қоймалары мен «Айдабұлақ», «Щучье саяжайлары» және «Алексеевка» бөгеттеріне көп факторлы тексеру жүргізілді.