Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы  жаңалықтарға шолу

11.11.
АШХАБАД
Қазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады. Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді. Министр Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысына еліміздің атынан қатысты.
НӘТИЖЕСІНДЕ: 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді.

11.11.
БҚО
Батыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 құраса, шаруаларға толық көлемде су беріліп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.

12.11.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына вегетациялық кезеңде жоспар бойынша келетін су көлемі 500-550 м³/с болып белгіленсе, нақты 600-650 м³/с-қа дейін артық су түсті.

13.11.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Қарағанды облысының шаруалары су шығынын 1,5 есе азайтуға мүмкіндік беретін заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Омаров айтып өтті.
МАҢЫЗДЫ: Келесі жылы филиал Жартас су қоймасындағы каналдарды күрделі жөндеуді жалғастырады. Биыл Жартас су қоймасының Жартас және Малокомспай магистральдық арналары учаскелерінің бетон беткейлері мен түбіне жөндеу жүргізілді.

14.11.
АСТАНА
Министрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті бассейндік инспекцияларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда бассейндік инспекцияларға 18 жеңіл автокөлік, көп функциялы құрылғылар, судың жылдамдығы мен шығынын өлшеуге арналған датчиктер берілді. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда бассейндік инспекциялардың жалпы штаты 241 адам. Министрлік құрылғаннан бері штат саны 1,5 есе ұлғайды. Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді.

14.11.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі Үкімет, министрлік, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді. Бұл су ресурстарын басқару ісін үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді.
МАҢЫЗДЫ: Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.

15.11.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз жаңа Су кодексінің жобасы туралы айтып берді. Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.