Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсіп, жалпы штат саны 242 адамға жетті. Нәтижесінде, әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімі ашылды.