24.10.
АСТАНА
Республика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды. Мереке қарсанында су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты жиында Қазақстандағы сушылар династиясы өкілдері де марапатқа ие болды.
24.10.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті.
МАҢЫЗДЫ: Болат Бекнияз 40 жылға жуық гидрогеология және су шаруашылығы саласында жұмыс істеген. Әр жылдары ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, «Еуразиялық су орталығы» АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының директоры болды.
23.10.
АСТАНА
Нидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.
МАҢЫЗДЫ: Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.
21.10.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.
МАҢЫЗДЫ: Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.
22.10.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.
МАҢЫЗДЫ: Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.
21.10.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
«Қазсушар» кәсіпорынының «Қ.Сәтбаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында №57 канал астындағы су өткізу құбырларын және №56 канал арнасын тазартты. №55 канал маңындағы тоғандардағы ойпаттарды бітеу және қоршау бөгеттерін нығайту, сондай-ақ №54а каналындағы бөгет жотасында жөндеу жұмыстарын жүргізді.
22.10.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Үлкен Келес магистралды каналының оң жақ беткейінде берманы тас аралас топырақтан тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 3000 текше метр тас аралас топырақ шығарылды.