
«Қазсушар» РМК Жетісу филиалы Жетісу облысы Ақсу ауданында суару кезеңіне дайындық аясында 14,9 шақырым каналда механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Жақсылық, Еркінтоған, Көкқамыс, Қаратоған, Еркінтоған су таратушы каналдары мен Ветстанция ішкішаруашылық каналы, Отводной, Сарсейт каналдары тазартылды.
Солжағалау магистралды каналында – 39,1 м3, Оңжағалау магистралды каналында – 5 м3 канал түбін және қабырғаларын бетондау жұмысы жүргізілді.
Бүгінгі күні Ақсу ауданының каналдары арқылы су беру қызметін көрсетуге 126 келісімшарт жасалды.