ҒАЛЫМ ҚҰРМАН ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҒАЛЫМ ҚҰРМАН ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ғалым Полатұлы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ғалым Құрман 1981 жылы 18 қазанда дүниеге келген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бухгалтерлік есеп және есептілік қызметінің бас экономисі болып бастады.

2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас маманы;

2005-2019 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, Астана және Шымкент қалалары бойынша тексеру комиссиясының мүшесі;

2019 ж. - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары;

2019-2021 жылдары - Nur Otan партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары, «Nur Otan» ХОЗУ» ЖШС бас директоры;

2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы;

2023 ж. — «Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы» ЗТБ бас директорының орынбасары болды.