Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов онлайн және офлайн форматта азаматтарды қабылдап, сұрақтарға жауап берді және еліміздің су ресурстарын сақтау мен көбейту бойынша ұсыныстарын тыңдады.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шаруалары К-18 каналындағы жұмыстардың сапасына наразылық білдірді. Мұнда реконструкция жұмыстары «Ирригациялық және дренажды жүйелерді жетілдіру» жобасының екінші кезеңі аясында жүргізіліп жатыр.
«Мен Түркістан облысына жұмыс сапарымен бардым және осы мәселелер туралы хабардармын. Оны шешу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Мәселені мұқият зерттеу үшін біздің министрліктің мамандары Түркістан облысына барады», - деді Нұржан Нұржігітов.
Азаматтарды қабылдау кезінде бірнеше мәрте ағынды суларды тазалау және қайта пайдалану мәселесі көтерілді және қызықты ұсыныстар айтылды. Айта кету керек, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 68 кешенді тазарту жүйесін салу жобасына жұмылдырылып отыр. Сонымен қатар, Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестерімен осы бағытта тәжірибе алмасу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ, кездесуде Қызылорда облысындағы жерасты суларының орындарын барлау және оларды пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды. Қаңтар айында ғалымдар және сарапшылармен кездесу өтеді, сол жиында осы және басқа да мәселелер талқыланады.
Азаматтарды қабылдаудан кейін министр өткен кездесулердің қорытындысы бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқаны туралы есептерді тыңдады.