СУ ҮНЕМДЕУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНА 1000-НАН АСТАМ ЖҰМЫС КЕЛІП ТҮСТІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНА 1000-НАН АСТАМ ЖҰМЫС КЕЛІП ТҮСТІ

Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған су үнемдеу тақырыбындағы республикалық сурет және шығармалар байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен қатысушылардан 1000-нан астам жұмыс келіп түсті.

Ертең, 27 желтоқсанда байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталады. Үздік төрт жұмыс авторларының есімдері министрліктің (QR_Su_resurstari_ministrligi) және ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің (Nurzhan_Nurzhigitov)
telegram-каналдарында жарияланады. Жаңалықтарды өткізіп алмаңыздар!

Жеңімпаздар ересек адамның жетекшілігімен Астанаға, су ресурстары және ирригация министрінің қатысуымен өтетін марапаттау рәсіміне шақырылады. Қалған қатысушылар министрдің атынан алғыс хаттармен марапатталады.

Белсенділік танытқан барлық қатысушыларға шығармашылығы және су үнемдеу тақырыбына қызығушылықтары үшін үлкен алғыс айтамыз. Алда, әрбір қазақстандық өз талантын көрсете алатын басқа да байқаулар болады. Біздің хабарландыруларымызды қадағалап, белсенді қатысыңыздар!

QR_Su_resurstari_ministrligi

Nurzhan_Nurzhigitov