СУ ҮНЕМДЕУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНА 350-ГЕ ЖУЫҚ ЖҰМЫС КЕЛІП ТҮСТІ
Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған су үнемдеу тақырыбына арналған балалардың республикалық сурет және шығармалар байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда үміткерлерден 300-ге жуық сурет пен 50-ге жуық шығарма келіп түсті. Байқауға 5 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатысады. «Үздік сурет» және «Үздік шығарма» атты қос номинацияда 2 жеңімпаздан анықталады. Осылайша, 4 қатысушы жүлдеге ие болады. Үздік жұмыстардың авторлары Астанаға келіп, оларды ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бағалы сыйлықтармен марапаттайды. Байқауға өтінім қабылдау 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады. Нәтижесі министрдің telegram-каналында https://t.me/+hPvg0sddrUA2N2My жарияланады. Жұмыстарды +77781345811 нөмірі бойынша WhatsApp-қа жіберуге, сонымен қатар Instagram желісінде #суүнемдеубайқауы хэштегімен жариялауға болады.