ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Олардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен айналысады, екіншісі ҚХР және РФ-мен өзара іс-қимылға назар аударады.

«Қазақстанда суармалы жерлердің 80%-ы оңтүстік өңірде. Сондықтан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұндай функцияларды бөлу біздің шетелдік әріптестерімізбен өзара қарым – қатынасты нығайтуға және нақты міндеттерді шешуге шоғырлануға көмектеседі»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.