
Республика күніне орай ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ерекше көзге түскен су шаруашылығы қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етті.
Атап айтқанда, «ҚазСушар» РМК Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы Таусүгір бөлімінің басшысы Рахымберді Төлепбергенов «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Балқаш-Алакөл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы» РММ басшысы Раушан Иманбет, «Сырдария» бассейндік су шаруашылығы ұйымы басшысының орынбасары Мереке Иманғалиев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі басқармасының басшысы Марта Нәжімеденова, еңбек ардагері Гүлшакира Сарсенбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті Су ресурстарын реттеу және есеп басқармасының бас сарапшысы Жанболат Уашпаев «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының Су қорын қорғау және бақылау бөлімінің бас маманы Дария Абу және «ҚазСушар» РМК Тариф белгілеу бөлімінің басшысы Айгүл Сұлтанова құрмет грамоталарын алды.
«ҚазАгроМелиоСушар республикалық әдістемелік орталық» РММ Нормативтік-аналитикалық қамтамассыз ету бөлімшесінің гидротехнигі Еріс Исмаилов және «Нұра топтық су құбыры» РММ «Сабынды өндірістік кешені» қойма меңгерушісі Шакір Шымырбеков алғыс хаттарға ие болды.
«Құрметті әріптестер, сіздерді шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын. Бұл мереке - біздің тәуелсіздігіміздің және Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің нышандарының бірі. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында су ресурстарының ел үшін мұнай, газ немесе металдардан кем емес маңызы бар екенін атап өтті. Сондықтан біздің алдымызда оны сақтау және тиімді пайдалану жөнінде үлкен міндет тұр. Сіздердің барлықтарыңыз осы маңызды іске өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдімін. Әрқайсыңызға зор денсаулық, күш-жігер мен толағай табыс тілеймін», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.