ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

 

Нұржан Нұржігітов министрліктің жоспарлары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Атап айтқанда, өңірлерге жұмыс сапарлары және көрші елдердің ғалымдарымен, су саласының сарапшыларымен және әріптестерімен кездесулер туралы айтып берді.

 

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы да баяндады. Министрлік Ұлттық гидрогеологиялық қызметті құру бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Бұдан басқа, өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Су кодексі жаңа редакцияда әзірленіп жатыр. Мысалы, су шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері пысықталуда.

 

Нұржан Нұржігітов өз баяндамасынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

«Су ресурстары және ирригация министрлігінің саясаты, ең алдымен, суды тиімді пайдалануға және су жинау, жер асты суларын пайдалану және ғылыми-техникалық прогресс есебінен артық суды пайдалануды азайтуға бағытталуы тиіс. Қазіргі уақытта министрліктің құрылымы мен штат санын жасақтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы, біз диалогқа және су шаруашылығы саласындағы сарапшылар мен мамандардың пікірлерін назарға алуға дайын екенімізді атап өткім келеді»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.