Жамбыл облысы Шу ауданының «Оң жағалау магистралды каналы» ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру»

Жамбыл облысы Шу ауданының «Оң жағалау магистралды каналы» ирригациялық және дренаждық жүйелерін жетілдіру»

Дулат ауылдық округі халқының Жамбыл облысы Шу ауданының "Оң жағалау магистральды каналы" нысаны бойынша жұмыс өндірісінің төмен қарқынына қатысты өтініші негізінде: 2022 жылғы 10 маусымда ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Аяшевтің басшылығымен мүдделі тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін шақырумен кездесу өткізілді.

Проблемалық каналдарды қарау және бұрын қабылданған шешімдердің орындалуын тексеру барысында шаруа қожалықтары, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қауіптері мен наразылықтары тыңдалды, талқылау барысында мердігермен жұмыс персоналы мен арнайы техниканы ұлғайту, сондай-ақ құрылыс қарқынын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша түсініктемелер берілді.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары М.Аяшев мердігерге шаруа қожалықтарын суармалы сумен уақтылы қамтамасыз ету және міндеттемелердің мерзімінде орындалуын қамтамасыз етудің маңыздылығын хабарлады.

Өз кезегінде, мердігер «Туннель Садд Ариана» ЖАҚ проблемалық каналдар бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Госфонд арнасы бойынша суармалы су беру, және де ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Андреевка каналы бойынша құрылысты аяқтау міндеттемесін қабылдады.