9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған, - М. Мырзағалиев

9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған, - М. Мырзағалиев

9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Биыл Түркістан облысындағы Кеңсай-Қосқорған су қоймасының құрылысы аяқталады.

«Су қоймаларын салу 70 елді мекен (137 мың адам) үшін су тасқыны қаупін азайтуға, 394 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділікті алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл 30% - ға дейін - Қырғызстан, 25% - ға дейін - Өзбекстан, 15% - ға дейін-Ресей Федерациясына тәуелділікті төмендетеді», - деді М.Мырзағалиев.

Суды есепке алу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында былтыр Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ұзындығы он екі (12) км «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Каналды цифрландырудың арқасында су суару нормалардан қырық бес (45%) пайызға көп жұмсалатыны анықталды. Биыл он алты (16) арна цифрландырылады. Таяудағы бес жыл ішінде ұзындығы екі де сегіз (2,8) мың км-ден асатын жүз он тоғыз (119) арнаны цифрландыру жоспарда бар.

«Ауыз суды елді мекендерге жеткізу бөлігінде былтыр топтық су құбырлары құрылысының он төрт (14) жобасы іске асырылды, олардың үшеуі аяқталды. Нәтижесінде үш жүз қырық үш (343) км желі салынды. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жүз жиырма төрт жарым  (124,5) мың халқы бар он бес  (15) елді мекен мен бір қаланы сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп жақсарды. Биыл ұзындығы сегіз жүз қырық бес (845) км болатын сегіз  жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының екі жүз үш (203) мың тұрғыны бар алпыс бір (61) елді мекен үшін сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп жақсартылады. Екі жыл ішінде он (10) ҰЗАҚ жылдарға созылған ҚҰРЫЛЫСТЫҢ бесеуін тапсырдық. Биыл тағы үшеуін аяқтаймыз және келесі жылы қалған екеуін тапсыру жоспарланған».