Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласын кешенді түрде жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Бұл реформалардың негізгі өзегіне 2025 жылғы 10 маусымда күшіне енген жаңа Су кодексі айналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласын кешенді түрде жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Бұл реформалардың негізгі өзегіне 2025 жылғы 10 маусымда күшіне енген жаңа Су кодексі айналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласын кешенді түрде жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Бұл реформалардың негізгі өзегіне 2025 жылғы 10 маусымда күшіне енген жаңа Су кодексі айналды. Құжатта су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заманауи қағидаттар бекітілді.

Жаңа Су кодексімен қатар министрлік 2030 жылға дейінгі Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын, 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды және Су үнемдеу жөніндегі жол картасын кезең-кезеңімен іске асырып келеді.

 

Инфрақұрылым

Еліміздің барлық өңірінде су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы екі жылда 5 су қоймасы реконструкцияланып, шамамен 1,5 мың шақырым канал жаңартылды. 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасын салу, 37 қолданыстағы су қоймасын реконструкциялау және 14,5 мың шақырымнан астам ирригация каналын жаңғырту жоспарланған.

 

Цифрландыру

Сонымен қатар министрлік су саласын цифрлық трансформациялауды жүзеге асырып жатыр. Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі еліміздегі барлық су нысандары мен су шаруашылығы инфрақұрылымы туралы деректерді біріктіреді. Су тасқыны мен құрғақшылықты болжау үшін TALSIM-NG гидрологиялық моделі енгізілуде. Ал су тұтынуды ерте болжау жүйесі су пайдалануды цифрлық форматта бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, су шығынын азайтуға және жедел шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.

 

Су үнемдеу технологиялары

Суды тиімді пайдалану мақсатында министрлік ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандырып келеді. Мемлекет фермерлердің мұндай жүйелерді сатып алу және орнату шығындарын өтеу көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Ал осы технологияларды қолданған жағдайда суару суына берілетін субсидия 85%-ға дейін жетеді. Қазіргі таңда су үнемдеу технологиялары 543,5 мың гектар суармалы жерді қамтып отыр. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Нәтижесінде жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік туады.

 

Өнеркәсіпте суды үнемдеу, ҚР Су кодексі

Жаңа Су кодексі су үнемдеу талаптарын тек ауыл шаруашылығына ғана емес, өнеркәсіп саласына да енгізді. Жаңа Су кодексінде ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын кезең-кезеңімен суды қайта пайдалану және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріне көшіру көзделген.

Бұл өнеркәсіпте суды қайта пайдалану үлесін 28%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Су үнемдеу мәдениеті

Министрлік балалар мен студенттердің суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға да ерекше назар аударып келеді. «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасы аясында 3,3 миллионнан астам оқушы қамтылды. Жобаның символы ретінде «Тамшы» анимациялық кейіпкері таңдалды. Бұдан бөлек, «Мөлдір бұлақ» акциясына 24 мыңға жуық адам қатысып, бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазарту жұмыстарына атсалысты.

 

Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен су үнемдеу – елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық басымдықтардың бірі.

Видео:https://t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi/8338