Апталық шолу

Апталық шолу

29.06
Павлодар облысы

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов Павлодар облысындағы негізгі су шаруашылығы жобаларының іске асырылу барысымен танысты.

30.06
Жамбыл облысы

Жамбыл облысында Оң жағалау магистральдық каналының суару және дренаж жүйелерін реконструкциялау аяқталды.

1.07
Астана

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Тараптар кадр даярлау бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарады.

2.07
Астана

Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен төрт жаңа су қоймасы салынып, жеті су қоймасы реконструкцияланады.

2.07
Ақмола облысы

Ақмола облысында 12,8 мың гектар жерді суаруды жақсартуға арналған «Алва» лиманды суару жүйесін реконструкциялау жұмыстары басталды.

3.07
Астана

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Азия даму банкі бірлескен инфрақұрылым жобаларын іске асыру мәселесін талқылады.

4.07
Алматы облысы

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен және жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылым жобаларының барысымен танысты.