«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

Өткен акцияларға шолу:

6 маусым: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Жеңіс саябағы маңындағы Есіл өзенінің жағалау аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Акцияға еріктілер, белсенді жастар және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.

6 маусым: Қостанай облысы, Гагарин бөгеті

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Тобыл өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар Гагарин бөгетінің маңындағы жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартты.

Іс-шараға Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының мамандары қатысты.

7 маусым: Түркістан облысы, Созақ ауданы

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Шаматай Байжігітов атындағы бұлақтың көзін ашу және оған іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, бұлақтарды ластанудан сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Акцияға «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының Созақ өндірістік бөлімшесінің мамандары қатысты.