
4.05
Жетісу облысы
Жетісу облысының екі ауданында 300 шақырымнан астам суару желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
5.05
Астана
Қ. Сәтбаев атындағы каналда сегіз жаңа трансформатор орнатылды. Жалпы алғанда 17 жаңа трансформатор орнату жоспарланған.
6.05
Астана
Қазақстанда биылғы суару маусымында 11 млрд текше метр су алу жоспарланған.
6.05
Алматы облысы
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Қазіргі таңда су қоймасында 18,04 млрд текше метр су жиналған.
8.05
Абай облысы
Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін Шүлбі су қоймасынан 6,4 млрд текше метрден астам су жіберілді.
9.05
Астана
Су ресурстары және ирригация министрі 102 жастағы соғыс ардагерін құттықтады.