Өткен акцияларға шолу:
19–20 сәуір: Алматы, Жетісу ауданы
«Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Палладин және Тәттібеков көшелері маңындағы өзен арналары мен жағалау аумақтары тазартылды.
Қатысушылар: шамамен 1 000 адам
Акцияға тұрғындар, кәсіпкерлер, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, қаладағы басқармалар және Ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.
18–22 сәуір: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Арал және Қармақшы аудандары
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Сырдария өзенінің жағалауында, каналдарда, көлдер мен бұлақтарда плоггинг ұйымдастырылды. 18 сәуірде Абай атындағы мектеп оқушылары 10 мектептің өкілдерімен бірге бастама көтерсе, 22 сәуір - Халықаралық Жер күніне орай оларға тағы 45 мектеп қосылды. 20 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Қатысушылар: 1 500-ден астам адам
Іс-шараға 55-тен астам мектептің оқушылары, педагогтері мен еріктілері қатысты.
28 сәуір: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жетібай ауылы
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында ауыл тұрғындары жақын маңдағы бұлақ көздерін тазалап, абаттандыру, бұлақтардың табиғи көзін ашу және қалпына келтіру, қоқыс жинау, көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар: ауыл тұрғындары, ақсақалдар, оқушылар
Іс-шараға ақсақалдардың бастамасымен жергілікті тұрғындар және Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен құрылған «Болашақтың қайнары» еріктілер қозғалысына мүше оқушылар қатысты.
30 сәуір: Астана
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы бұлақ көздері тазартылып, 3 шақырым аумақ абаттандырылды.
Қатысушылар: 100 адам
Іс-шараға «Астана Тазалық» ЖШС 50 қызметкері мен 50 ерікті қатысты.
2 мамыр: Астана
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Есіл өзенінің жағалауы, Ақбұлақ және Сарыбұлақ жағалаулары, сондай-ақ қаладағы басқа да су айдындары тазартылды. Пластик, әйнек және балық аулау торлары жиналып, балықтардың көктемгі уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау үшін су сүзгіден өткізілді.
Қатысушылар: 200-ден астам адам
Акцияға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ «Respublica» партиясының әйелдер қанаты қатысты.
2 мамыр: Астана, «Алматы» ауданы, Ақбұлақ жағалауы
Акция аясында Ақбұлақ жағалауы тазартылып, қоқыс, қураған жапырақтар мен бұтақтар жиналды.
Қатысушылар: 50-ден астам адам
Акцияға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, AMANAT партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.