
Бүгін Қазақстанның 18 жоғары оқу орнында су үнемдеу тақырыбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты экологиялық сағаттар бір мезгілде өтті. Іс-шараларға офлайн форматта 4000-нан астам студент қатысты. Онлайн форматта акцияға 120 университет пен колледждің студенттері, сондай-ақ 700 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қосылды.
Спикерлер студенттерге суды ұтымды пайдалану маңыздылығы мен оны үнемдеу тәсілдері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Вице-министр Талғат Момышев - Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы университетте.
Вице-министр Аслан Абдраимов - Қарағанды қаласындағы Ә. Сағынов атындағы техникалық университетте.
Министрлік аппаратының басшысы Дәурен Қазантаев - Павлодар қаласындағы Торайғыров атындағы университетте.
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов - Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінде.
Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев - Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде.
«Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев - Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де.
«Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Ибадулла Мырзаев Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи университетінде экосағат өткізді.
Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков - Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде.
Стратегиялық даму департаментінің директоры Ғалым Құрман - Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы ОҚУ-де.
Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев - Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде.
Цифрландыру департаментінің директоры Ердәулет Жұмат - Орал қаласындағы Жәңгір хан университетінде.
Жерасты суы департаментінің директоры Жайық Ерікұлы - Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университетте.
Ғылыми және инновациялық технологиялар департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Жәнібекұлы - Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы университетте.
Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Қарлығаш Нұриханова - Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де.
Су шаруашылығы құрылыстарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов - Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде.
Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Сәкел Әтел - Жезқазған қаласындағы О. А. Байқоңыров атындағы университетте.
Су үнемдеу технологияларын дамыту департаменті басқармасының басшысы Жәнібек Нәбиев - Қостанай қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте.