Өңірлік экологиялық саммит аясында «Климат әсерін ескере отырып су ресурстарын басқару» тақырыбында арнайы сессия өтті. Іс-шара «Blue Peace Орталық Азия» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Талқылау барысында климаттың құбылмалылығының артуы, су ресурстары тапшылығының күшеюі сияқты негізгі сын-қатерлер қарастырылды. Сондай-ақ саяси келісімдерден оларды нақты іске асыру кезеңіне көшу қажеттігі атап өтілді. Институционалдық тетіктерді дамыту, су саласын цифрландыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, сондай-ақ инклюзивтілік пен салааралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Қазақстан су ресурстарын климат өзгерісіне бейімдеуді жүйелі өзгерістерді талап ететін кешенді міндет ретінде қарастырады. Ең алдымен, тұрақты басқарудың негізін қалыптастыратын институционалдық реформалар туралы сөз болып отыр. 2025 жылы қабылданған жаңа Су кодексі су ресурстарын басқарудың заманауи құрылымын қалыптастырып, бассейндік қағидатқа көшуге мүмкіндік берді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің басқарма басшысы Ляззат Зиябекова.