Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы Халықаралық су ұйымын құру мәселесін талқылады

Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы Халықаралық су ұйымын құру мәселесін талқылады

Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолянь Шумен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар су шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және климаттық тұрақтылықты нығайту бағытындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын талқылады.

«Еліміздің су саласын дамытуға көрсетіп отырған сараптамалық және консультациялық-әдістемелік қолдауы үшін БҰҰ Даму бағдарламасына шынайы алғысымды білдіремін. Біз сондай-ақ 2024-2030 жылдарға арналған Серіктестік су бастамалары және Қазақстанның басымдықтарын донорлардың, халықаралық қаржы институттары мен даму агенттіктерінің мүмкіндіктерімен байланыстыруға мүмкіндік беретін су секторын дамыту жөніндегі серіктестердің Үйлестіру кеңесі аясындағы бірлескен жұмысты жоғары бағалаймыз», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.