Су ресурстары және ирригация министрлігі мен БҰҰ-ның Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасы тасқын мен құрғақшылыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен БҰҰ-ның Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасы тасқын мен құрғақшылыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады

Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту мәселелері жөніндегі арнайы өкілі және БҰҰ Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасының басшысы Камал Кишормен кездесті.

Кездесуде тараптар су тасқыны мен құрғақшылық тәуекелдерін болжау және азайту, климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуде халықаралық стандарттарды қолдану мәселелерін талқылады.

«Қазақстан су жүйелерінің тұрақтылығын арттыру және табиғи апаттардың алдын алу жүйелерін дамыту мақсатында БҰҰ-ның Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасымен және өңір елдерімен өзара іс-қимылға дайын екенін растайды. Біз тәуекелдерді бағалаудың халықаралық әдістемелерін енгізу және су тасқыны мен құрғақшылықтың алдын алу саласындағы институционалдық әлеуетті нығайту бойынша кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.