
ҚР Су кодексінің 39 және 40-баптары
Экологиялық ағын – сөзсіз басымдық.
Көп жылдар бойы суды алу кезінде өзендердің жай-күйі ескеріле бермейтін. Соның салдарынан өзендер тозды. Жаңа заң «экологиялық ағын» деген міндетті ұғымды енгізіп отыр. Бұл не? Бұл – өзен, көл және теңіз экожүйелерін сақтау үшін табиғатта міндетті түрде қалуы тиіс өзен ағынының үлесі.
Бұл көлем әрбір су бассейні үшін жеке есептеледі және оны сақтау міндетті талап болып саналады. Негізгі қағида: Халық пен экономика үшін су пайдалану лимиттері тек экологиялық ағын шегерілгеннен кейін қалған су көлемі негізінде ғана есептеледі. Ескерту: бұл норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Су кодексінің 40-бабының 1, 2 және 3-тармақтары
Лимиттер – бұл суды алудың рұқсат етілген шекті көлемі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – суды одан артық алуға болмайтын белгіленген «шек».
Сонымен қатар мынаны түсіну маңызды:
Яғни дәл осы рұқсат етілген көлемді сақтау үшін әрбір су пайдаланушы өзі жауап береді.
Перспективалық лимиттер (10 жылға). Олар ғылыми есептеулер мен бассейндік жоспарлар негізінде қалыптастырылады және уәкілетті органмен бекітіледі. Бұл – өңірлерді дамытудың стратегиялық бағдары.
Жедел лимиттер (жыл сайынғы). Оларды бассейндік су инспекциялары белгілейді. Жылдың сулылығын (құрғақ немесе көп су) ескереді, айлар мен аумақтар бойынша бөлінеді, су пайдаланушылардың өтінімдері негізінде қалыптастырылады және бассейндік кеңестер алдын ала қарайды.
ҚР Су кодексінің 60 және 115-баптары
Су ресурстарын негізгі тұтынушы саналатын ауыл шаруашылығында суды бөлу (тұтынылатын судың жалпы көлемінің 60%-дан астамы) су шығынын қысқартуды және қолда бар үздік технологияларды енгізуді жоспарлау арқылы және ауыл шаруашылығы су тұтынушылары мен су пайдаланушылар арасында жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Іс жүзінде бұл қалай болады:
ҚР Су кодексінің 40-бабының 5 және 6-тармақтары, 48 және 65-баптары
Су аз жылдары немесе төтенше жағдайлар кезінде жедел су пайдалану лимиттері қайта қаралуы мүмкін. Бұл дегеніміз – рұқсат етілген су көлемі уақытша қысқартылуы мүмкін деген сөз.
Бұл ретте әрбір су пайдаланушының суды қаншалықты тиімді пайдаланып отырғаны және су үнемдеу технологияларын енгізген-енгізбегені ескеріледі.
Қысқарту су пайдалану көлемін азайту қағидаларына сәйкес жүргізіледі (ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2025 жылғы 26 маусымдағы №154-НҚ бұйрығымен бекітілген және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).
Бассейндік кеңестер жедел лимиттердің жобаларын, оларды түзету мәселелерін, сондай-ақ рұқсат етілген су көлемін азайту мәселелерін қарайды.
Бұл кеңестер құрамына мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, ғалымдар, қоғам өкілдері және су пайдаланушылар кіреді.
Бассейндік кеңестер лимиттер бойынша, сондай-ақ нақты су пайдаланушылар үшін су көлемін қысқарту мәселесі бойынша ұсыныстар береді.
Одан әрі:
Қуаңшылық жылдары суды басымдықпен бөлу қағидаты қолданылады. Мұндай жағдайда су ең алдымен халықтың ауызсу қажеттілігіне, одан кейін кәсіпорындар мен аквамәдениет нысандарының жұмысына бөлінеді. Бұл салаларға су кепілдендірілген тәртіппен жеткізіледі. Одан кейін ғана су ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға бағытталады, ал лимандық суару тек су жеткілікті болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Жаңа Су кодексінің басты мақсаттарының бірі –
суды қауіпсіз деңгейде пайдалануды қамтамасыз ету және қоршаған ортаны сақтап қалу.