«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

Басты сандар

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 30 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде  9000 астам адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.

 

Жамбыл облысы

Жамбыл, Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарында

8 бұлақ тазартылды.

Қатысқандар саны:

845 адам

 

Жетісу облысы

7 бұлақ тазартылды

Жұмыстар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу және Панфилов аудандарында жүргізілді.

Қатысқандар саны:

617 адам

 

Алматы облысы

6 бұлақ тазартылды

5 жағалау аумағы абаттандырылды

Жұмыстар Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында, сондай-ақ 5 жағалау аумағында (Іле, Қаскелең, Түрген, Күрті өзендерінің және Қапшағай су қоймасы) жүргізілді.

Қатысқандар саны:

1500 адам

 

 Түркістан облысы

6 бұлақ тазартылды

8 су нысаны тазартылды

Жұмыстар Ордабасы, Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Түлкібас аудандарында, сондай-ақ Кентау қаласында жүргізілді.

Қатысқандар саны:

 1300

 

 Шымкент қаласы

1 бұлақ тазаланды

Абай ауданы, Бөржар бұлағы

Қатысқандар саны:

120 адам

 

Қызылорда облысы

2 бұлақ тазартылды

6 өзен арнасы тазартылды

Жұмыстар Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Сырдария, Жаңақорған аудандарында және Қызылорда қаласында жүргізілді.

Қатысқандар саны:

 4850 адам