Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады

Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады

Қазақстанның бес облысында 500 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіріледі, бұл суармалы жерлердің жалпы көлемін 2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді деп хабарлады Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сенатта «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Министрдің мәліметінше, суармалы егіншілік республикадағы негізгі су тұтынушы болып табылады. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің ауданы 1,6 млн. га құрайды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бізге үш жылдың ішінде суармалы жерлердің көлемін 2 млн гектарға дейін жеткізу қажет. 2021-2023 жылдар аралығында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 492 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады», - деді министр.

Осы жұмыстың нәтижесінде 88 мың жұмыс орны құрылады. Құрылыс кезеңінде 11 мың жұмыс орны ашылады.

«Ең бастысы, қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл сауда және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында одан әрі мультипликативті әсер береді», - деп атап өтті Экология министрлігінің басшысы.

2023-2030 жылдар аралығында 1,0 млн.га суармалы жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде жыл сайын 570 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімінің қосымша көлемі бар 500 мың жұмыс орны құрылады.